Жамбыл облысы

Бүгін Тараз қаласында Жамбыл облысының «Мықты қоғам – Қуатты Қазақстан» өңірлік азаматтық форумының алғашқы күні өтті. Іс-шара азаматтық қоғам өкілдері үшін ұйымдастырылды.

Маусым 10, 2025 | Қаралымдар: 1

Форумның мақсаты – ашық диалог алаңын дамыту, тәжірибе алмасу, азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ мемлекеттік орган, азаматтық сектор және бизнес арасындағы серіктестікті нығайту.

Алғашқы күні форумда инклюзия, теңдік, болашақ мамандықтар және цифрлық азаматтық белсенділік мәселелері талқыланды. Қатысушылар осал топтарды қоғам өміріне тарту, ҮЕҰ-лардың еңбек нарығына бейімделуі, сондай-ақ big data мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану тақырыптарын қарастырды.