Жамбыл облысы
10-11 маусым күндері Жамбыл облысында «Мықты қоғам – Қуатты Қазақстан» өңірлік азаматтық форумы өтеді.
Бұл форум азаматтық қоғам институттары, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің ашық диалог жүргізетін маңызды алаң болып табылады.
Іс-шара барысында цифрлық азаматтық белсенділік, инклюзия мен теңдік, еңбек нарығының жаңа сын-қатерлері, құқықтық ағарту және азаматтық жауапкершілік мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, «ҮЕҰ туралы» Заң, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттар туралы заңнамаға енгізілетін өзгерістер талқыланады.
11 маусым күні форум Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыруға арналған конференциямен жалғасады. Пленарлық отырыс өткізіліп, бизнес, жергілікті билік және әлеуметтік ұйымдар арасында үшжақты келіссөздер өтеді. Сонымен қатар, ҮЕҰ-дың әлеуетін арттыруға арналған практикалық мастер-класстар ұйымдастырылады.
Форум – өңірдегі азаматтық қоғам өкілдері үшін тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық орнатуға және ортақ бастамаларды жүзеге асыруға арналған тиімді алаң.