Түркістан облысы

Қоғамдық ұйымдарға тимбилдинг ұйымдастырылды

Сәуір 26, 2025 | Қаралымдар: 2

Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығы ұйымдастырған «Азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастырушылық әлеуетін нығайту, білім базасын кеңейту және кәсіби біліктілігін арттыру» жобасы аясында «Біркөлік» демалыс аймағында тимбилдинг өтті.

Шара барысында «Эмоциялық интеллект: Командалық жұмыстың негізі және әлеуметтік жобалау» тақырыптарында тренинг өткізілді. Негізгі мақсат – ұйымдар арасында ашық бәсекелестік ұйымдастыру, олардың құзыреттілігін арттыру арқылы кәсіби деңгейін көтеру.

Іс-шараға Түркістан облысының қоғамдық ұйымдарының басшылары мен мүшелері қатысты.