Сарыағаш және Келес аудандарының үкіметтік емес ұйымдары үшін маңызды семинар-тренинг ұйымдастырылды
Семинар-тренингтің мақсаты – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтқан «Азаматтық сектордың реформаларды жүргізу және қоғамды дамыту ісіндегі маңызды рөлі» тақырыбын түсіндіру және «ҮЕҰ Дерекқор» жүйесіне мәлімет енгізу бойынша тәжірибелік дағдыларды жетілдіру.
Спикерлер:
Әбдінәбиева Ақмарал Қалмаханқызы – «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» ЗТҚ атқарушы директоры. Мемлекет басшысының ҮЕҰ-лардың беделі мен құқықтық мәртебесін арттыру, олардың дамуы мен нығаюы маңызды екендігін атап өтті. Сондай-ақ Президенттің ҮЕҰ-лармен серіктестікті дамытуға жеке заң қабылдау қажеттігі жөніндегі тапсырмасы туралы баяндады.
Нуритдинова Насиба Алиханқызы – «ҮЕҰ Дерекқор» жүйесіне есеп тапсыру бойынша мастер-класс өткізді, ауданның бірқатар ұйымдарына есеп беруге көмектесті.
Қатысушылар барлық сұрақтарына толық жауап алды.