Түркістан облысы

Қазғұрт ауданында ҮЕҰ үшін семинар-тренинг өтті

Наурыз 18, 2025 | Қаралымдар: 2

Қазғұрт ауданында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтылған «Азаматтық сектор реформаларды жүргізу және қоғамды дамыту ісіндегі маңызды рөлі» тақырыбын түсіндіру және «ҮЕҰ Дерекқор» жүйесіне мәлімет енгізу бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылды.

💡 Спикерлер:
Әбдінәбиева Ақмарал Қалмаханқызы – «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» ЗТҚ атқарушы директоры. Ол мемлекет басшысының ҮЕҰ-лардың беделі мен құқықтық мәртебесін арттыру, олардың дамуы мен нығаюы маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ Президенттің «Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың серіктестігі өзекті мәселелерді шешуге, әлеуметтік тапсырыстың тиімділігін арттыруға бағытталған жеке заң қажет» деген нақты тапсырмасына тоқталды.

Нуритдинова Насиба Алиханқызы – «ҮЕҰ Дерекқор» жүйесіне есеп тапсыру бойынша мастер-класс өткізді, ауданның бірқатар ұйымдарына есеп беруге көмектесті және қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берді.