Түркістан облысы

Сайрам ауданына арналған НПО семинар-тренингі өтті

Наурыз 17, 2025 | Қаралымдар: 2

Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы

Сайрам, Төле би және Түлкібас аудандарынан келген үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға НПО дерекқорына есеп тапсырудың қыр-сыры түсіндіріліп, практикалық мастер-класс ұйымдастырылды. Семинар үкіметтік емес ұйымдардың жұмысының ашықтығын және тиімділігін арттыруға бағытталды.

Сондай-ақ, семинар барысында «ҮЕҰ Дерекқор» жүйесіне енгізілген өзгерістермен таныстыру және 2024 жыл бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді енгізу жұмыстары жүргізілді.

Қатысушылар арасында Сайрам аудандық ақпараттық ресурстық орталығының жетекшісі В. Голярко, Төлеби ауданы АРО жетекшісі Ә. Әбдешов, Түлкібас аудандық НПО мүшелері және Сайрам, Түлкібас, Төлеби аудандарының ішкі саясат бөлімінің бас мамандары болды.

Іс-шара соңында қатысушыларға үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғам институттарының дамуына ықпал етуі және шағын гранттарға қатысу жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, тәжірибелерімен бөлісті.