«Салық және еңбек саласындағы өзгерістер: жаңа ережелер бойынша қалай жұмыс істеу керек» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Наурыз 11, 2026 | Қаралымдар: 72

Тренер — Амренова Ботагөз Дүйсенбекқызы, бухгалтерлік есеп және салық салу пәнінің оқытушысы, экономист.

Тренинг барысында келесі мәселелер қарастырылды:
• Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер
• бухгалтерлерге арналған практикалық ұсынымдар
• еңбек қатынастарын рәсімдеудегі өзгерістер
• жұмыс берушінің міндетті құжаттары
• жаңа ережелерді қолдану бойынша практикалық ұсынымдар

Сондай-ақ қатысушылар өзекті сұрақтарына жауап алып, заңнама талаптарын қолданудың практикалық жағдайларын талқылады.

Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және кәсіби білімдерін арттыруға деген қызығушылығы үшін алғыс білдіреміз! 📚
Іс-шара Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.