Жетісу облысы

Жетісу облысының мүгедектер қоғамы жетекшілері Барибаева Асель Максутовна және «Алтын Адам креатив центр» қоғамдық бірлестігінің басшысы Бакирова Динара Сериковна 27–30 қазан аралығында алмасу сапары аясында Шымкент қаласындағы «Janna Eltanova» сән үйіне, Дизайнерлер ассоциациясына және «Art Hub Amanat» коммерциялық емес ұйымына барды. Оны талантты және креативті жетекші — Туребекова Динара Ержановна басқарады.

Қар. 9, 2025 | Қаралымдар: 14

Шымкент қаласы

Art Hub Amanat — дәстүр мен инновацияны біріктіретін заманауи дизайнерлік идеялардың туындайтын орны.
Динара Ержановна стильді бұйымдар жасау процесін жеке бақылайды: фильді сөмкелер, блейзерлер, футболкалар.
Әрбір бұйым қазақ мәдениетінің энергиясын сән мен өнер арқылы көрсетеді.

Студияда ұлттық стильде фотозона және фотостудия жұмыс істейді, каталогтар, көрмелер және арт-жобалар үшін атмосфералық суреттер жасалады.

Сапар барысында инклюзияны дамыту және креативті экономиканы қолдау бағытында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Студияда фильден жасалған сөмкелер, ұлттық стильдегі киім, шапандар, көйлектер, орамалдар ұсынылған — әрбір бұйым қазақ дизайнерлерінің шеберлігі мен шығармашылығын көрсетеді. Сондай-ақ мастер-класстар мен дизайн бойынша сабақтар өткізіліп, жаңа идеяларға шабыт беріп, шығармашылық дамуына және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалады.

Алмасу сапары Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Жетісу облысының ҮЕҰ Азаматтық орталығы» жобасы аясында ұйымдастырылды.