Жетісу облысы
«Қазақстанның саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалы басшысы Бексұлтанова Раушан Құдайбергеновна 09–11 қыркүйек аралығында тәжірибе алмасу сапарымен Алматы қалалық «Қазақстанның саңыраулар қоғамы» ҚБ-мен кездесті.
Алматы қаласы
Есту қабілеті шектеулі жандар арасындағы “Жеңіс вальсі” би ұжымдарының X Республикалық байқауы аясында тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.
Шара туралы:
Қазақстанның 9 облысынан келген қатысушылар мен ұйым өкілдері бір арнада жиналды. Жетісу облысынан облыстық «Қазақстанның Саңыраулар қоғамы» ҚБ белсенді жастары қатысты.
Сапар мақсаты:
- Өзге өңірлерден келген ұйымдармен тәжірибе алмасу
- Жаңа идеялар мен жұмыс тәсілдерімен танысу
- Шығармашылық байланыс орнату
- Инклюзивті ортада жұмыс істеу жолдарын талқылау
Нәтижесі:
Бұл шара тек би байқауы емес, ерекше жандардың әлеуетін көрсетуге арналған үлкен алаң болды. Қатысушылар бір-бірінің жетістіктерін көріп, ортақ құндылықтар арқылы бірігіп, әлеуетін шексіз ету жолдарын талқылады.
Басты нәтижесі: тәжірибе алмасу, шығармашылық байланыс орнату және ортақ мүддеге бірігу.
Тәжірибе алмасу сапары Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Жетісу облысының ҮЕҰ азаматтық орталығы» жобасы аясында ұйымдастырылды.