Жетісу облысы

Астана қаласында волонтерлік тәжірибе алмасу сапары

Қар. 9, 2025 | Қаралымдар: 12

ОО «Аяулы алақан» өкілі Жансерік Байденов 7–9 қазан аралығында Астана қаласында волонтерлік тәжірибе алмасу сапарына қатысты.

Сапар барысында делегация «Ұлттық волонтерлік желісі» ЗТБ және «Dauletten» қайырымдылық қорының жұмысымен танысып, волонтерлік қызметті ұйымдастырудағы тиімді тәсілдер мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру тәжірибесін үйренді.

Тәжірибе маңыздылығы:
Бұл сапар волонтерлік ұйымдардың әлеуетін арттыруға, қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және қайырымдылық мәдениетін дамытуға үлкен серпін берді.

Нәтижесі:
Тәжірибе алмасу барысында біздің ұйым волонтерлерді жұмылдырудың жаңа тәсілдерін меңгеріп, Жетісу облысында әлеуметтік жобалардың тиімділігін арттыру бағытында жаңа идеялармен оралды.

Тәжірибе алмасу сапары ұйымдастыру:
Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Жетісу облысының ҮЕҰ Азаматтық орталығы» жобасы аясында өткізілді.

Бұл сапар үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтып, азаматтық қоғамның дамуына және өңірлер арасындағы әріптестік байланыстарды кеңейтуге үлес қосады.