Жетісу облысы
2025 жылғы 25 қыркүйекте Жетісу облысының Азаматтық альянсының басшысы Қыдырбаева Дания Қызылорда облысында өткен «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбындағы өңірлік форумға қатысты.
Қызылорда қаласында өңірлік форум
Сапардың мақсаты – ауылдық аймақтарды дамытудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлін талқылау, тәжірибе алмасу және тиімді шешімдерді анықтау.
Форум барысында талқыланған бағыттар:
- Ауылдағы белсенді азаматтарды, жастарды, әйелдерді, зейнеткерлер мен мұғалімдерді қоғамдық өмірге тарту тәсілдері;
- Ауылдық жерлердегі ҮЕҰ-ның әлеуметтік қызметтері және олардың қоғамдағы маңызы;
- Мемлекеттік бағдарламаларды бақылауда азаматтық қоғамның рөлі — мектеп, амбулатория, жол және сумен қамту жобаларының іске асырылуын бағалау, бюджетті тиімді пайдалану мен әділдікке үлес қосу;
- Бірлікке негізделген үлкенге құрмет, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық дәстүрлерді жастарға жеткізу жолдары.
Мұндай форумдар аймақтық әріптестікті нығайтып, азаматтық қоғамның ауылдық дамуға қосатын үлесін арттыруға зор мүмкіндік береді.
Тәжірибе алмасу сапары ұйымдастыру:
Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Жетісу облысының ҮЕҰ Азаматтық орталығы» жобасы аясында өткізілді.
Бұл сапар үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтып, азаматтық қоғамның дамуына және өңірлер арасындағы әріптестік байланыстарды кеңейтуге үлес қосады.