Жетісу облысы
2025 жылдың 26 тамызында «Өрендер академиясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бахыт Асанқызы Калиева «Мемлекет – бизнес – ҮЕҰ: тиімді өзара әрекеттесу және серіктестік» тақырыбындағы Азаматтық форумға қатысты.
Абай облысы, Семей қаласы
Форум барысында «Өрендер» академиясы түрлі ҮЕҰ өкілдерімен кездесіп, тәжірибе алмасып, пікір алмасты және азаматтық қоғамды дамыту бағытындағы өзара әріптестік мүмкіндіктерін талқылады.
Қатысудың мақсаты:
- ҮЕҰ арасындағы өзара әрекеттесу мен серіктестіктің жаңа кезеңін дамыту
- Тәжірибе алмасу және алынған идеяларды өз өңірімізде жүзеге асыру
Осындай форумдар қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ортақ әлеуметтік бастамаларды ілгерілетуге жол ашады!
Тәжірибе алмасу сапары ұйымдастыру:
Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Жетісу облысының ҮЕҰ Азаматтық орталығы» жобасы аясында өткізілді.
Мұндай бастамалар үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттырып, өңірлер арасындағы ынтымақтастықты дамытады және азаматтық қоғамның тұрақты дамуына үлес қосады!