Жетісу облысы

Ұлттық волонтерлік желіге тәжірибе алмасу сапары

Қар. 9, 2025 | Қаралымдар: 10

Тәжірибе алмасу сапары аясында инклюзивті ақпараттық портал «DeFacto Media Hub» корректоры және жүргізушісі
Смағұлова Эльмира Берковна «Ұлттық волонтерлік желі» ұйымына барды.

Кездесудің мақсаты – тәжірибе алмасу, ұйымдардың қызметімен танысу, сондай-ақ инклюзия және мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдық өмірге қатысуын арттыру мәселелерін талқылау.

Сапар барысында келесі тақырыптар қаралды:
Инклюзивті журналистиканы дамыту
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың медиадағы көрінісін арттыру
Тең мүмкіндіктер идеяларын ілгерілету бойынша бірлескен бастамалар

Мұндай кездесулер ұйымдар арасындағы әріптестікті нығайтуға, әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға және инклюзивті қоғам құруға ықпал етеді.