Жетісу облысы

Қытайдың «Хоргос» мәдени орталығына тәжірибе алмасу сапары

Қар. 9, 2025 | Қаралымдар: 11

Тәжірибе алмасу сапары аясында «Тритон» аудандық балалар-жасөспірім туристік клубы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі
Утешбаева Салтанат Мұхаметқанқызы Қытай–Қазақстан Хоргос халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығындағы Қытай мәдени орталығына барды

Сапар мақсаты – «Тритон» ұйымы мен Хоргос қаласының туризм комитеті арасында тұрақты екіжақты ынтымақтастықты орнатып, жастар туризмін, мәдени алмасуды, гидтер дайындауды және шекаралық аймақтың табиғи және тарихи-мәдени мұрасын насихаттауды дамыту.

Негізгі міндеттер:

  1. Алмасу сапарлары мен туристік іс-шараларды ұйымдастыру
  2. Кадрлық әлеуетті дамыту
  3. Мәдени және білім беру алмасу
  4. Бірлескен туристік маршруттарды жасау және ілгерілету
  5. Экологиялық тәрбиелеу және табиғатқа жауапкершілік сезімін қалыптастыру
  6. Медиа және ақпараттық ынтымақтастық

Тәжірибе алмасу сапары Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Жетісу облысының ҮЕҰ Азаматтық орталығы» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Мұндай бастамалар халықаралық байланыстарды нығайтуға, жастар бастамаларын дамытуға және өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетуге септігін тигізеді!