Қазақстанның Азаматтық Альянсы
ОМО қоғамдық кеңестерінің мүшелеріне арналған фокус-топ

«Қоғамдық кеңестер институтын дамыту» жобасы аясында Қазақстан Азаматтық Альянсының конференц-залында Мемлекеттік басқару Академиясы Орталық мемлекеттік органның қоғамдық кеңестерінің мүшелері үшін семинар және фокус-топ өткізді. Бұл семинар ҚР ҒЖБМ, ҚР МАМ АҚІК қолдауымен іске асырылатын ғылыми жоба шеңберінде бастамашылық жасалды.
Жоба мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру контексінде Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі қоғамдық кеңестердің қызметін жаңғырту бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында іске асырылуда.
Семинар тақырыбы Қоғамдық кеңестер жұмысының тиімділігін арттыру үшін өзекті және маңызды болды. Семинар аясында халықаралық тәжірибелер, табысты мысалдар және қоғамдық кеңестердің тиімді жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі аспектілер қарастырылды. Қатысушылар ұлттық тәжірибеге енгізілуі мүмкін пікірлер мен ұсыныстармен алмасу мүмкіндігіне ие болды.