Жетісу облысы

Бүгін Жетісу облысы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында Круглый стол өтті: «Әлеуметтік осал топтарды және мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылау».

Қар. 5, 2025 | Қаралымдар: 15

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілі аймақтық өкілі жанындағы Сарапшылар кеңесінің мүшелері және ҮЕҰ басшылары қатысты.

Жиналысты Сарапшылар кеңесінің төрағасы Қарымсаков Қанат Батанович ашып, конструктивті диалогтың және бірлескен шешімдердің әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттырудағы маңыздылығын атап өтті.

Басқарма басшысы Мизамбаев Ермек Арынханович өңірде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар туралы толық баяндады.

Сарапшылар кеңесінің мүшелері өзекті мәселелерді талқылап, әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар енгізді.

Бірлескен талқылау мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының әлеуметтік осал топтарды қорғау саласындағы өзара әрекеттесуін нығайтуға маңызды қадам болды.