Жетісу облысы

Өңірлермен жұмысымызды жалғастырамыз!

Қаз. 7, 2025 | Қаралымдар: 13

Үштөбе қаласы

Жетісу облысының ҮЕҰ Азаматтық орталығы Қаратал ауданының ҮЕҰ өкілдерімен және белсенді тұрғындарымен кездесу өткізді.

🗣 Жетісу облысының Азаматтық альянсы жетекшісі Қыдырбаева Дания Сәлімбайқызы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде» атты Жолдауының негізгі бағыттары туралы баяндап, цифрлық трансформация мен қоғам алдындағы өзекті міндеттерге тоқталды.

⚖️ Жетісу Азаматтық орталығының жетекшісі Төлемісова Жанат Ерхановна ҮЕҰ-ға қатысты заңнамадағы маңызды өзгерістерді түсіндіріп, жаңа мүмкіндіктермен бөлісті:
— тіркеу және есептілік
— мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттарға қатысу
— мемлекеттік қолдау

💬 Кездесу барысында үшінші секторды дамыту, ынтымақтастық бағыттары және қолдау тетіктері талқыланды.

📢 Бірге — жаңа мүмкіндіктер мен өңірдің тұрақты дамуына!