Жетісу облысы

7 тамыз күні Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында Жетісу облысының ҮЕҰ Азаматтық орталығы мен өңірдегі ҮЕҰ және азаматтық қоғам өкілдерінің кездесуі өтті. Іс-шара Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Там. 8, 2025 | Қаралымдар: 10

  • Қыдырбаева Дания Сәлімбайқызы — Жетісу облыстық Азаматтық альянсының басшысы
  • Төлемісова Жанат Ерхановна — Жетісу облысы ҮЕҰ Азаматтық орталығының жетекшісі

Жанат Ерхановна келесі маңызды тақырыптар бойынша толық ақпарат берді:

  • ҮЕҰ қызметіне қатысты ҚР заңнамасындағы соңғы өзгерістер
  • Республикалық гранттар мен ҮЕҰ сыйлығы
  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстағы жаңашылдықтар және сараптамалық кеңестер құру
  • «Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР Заңының 10-бабының жаңартылуы — енді қоғамдық бірлестік құру үшін 3 құрылтайшы жеткілікті

Бұл өзгеріс 2026 жылдан бастап жалпыға бірдей кіріс декларациясын енгізуге байланысты. Енді қоғамдық бірлестіктердің басшылары құрылтайшылар мен олардың жұбайларының есептілігіне жауапты болады.

Қатысушыларға Esep.govtec.kz цифрлық платформасы арқылы есеп тапсырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар жеке консультациялар өткізіліп, қатысушылардың барлық сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Ақсу ауданының белсенді азаматтарына және аудандық ішкі саясат бөлімінің ұжымына іс-шараны ұйымдастыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз.