Жетісу облысы

30 шілде күні Текелі қаласында Жетісу облысының ҮЕҰ Азаматтық орталығының ұйымдастыруымен және Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ҮЕҰ мен азаматтық қоғам өкілдерінің кездесуі өтті.

Там. 7, 2025 | Қаралымдар: 9

Кездесуде сөз сөйледі:

  • Қыдырбаева Дания Сәлімбайқызы — Жетісу облыстық Азаматтық альянсының басшысы
  • Төлемісова Жанат Ерхановна — Жетісу облысы ҮЕҰ Азаматтық орталығының жетекшісі

Жанат Ерхановна келесі мәселелер бойынша кеңінен ақпарат берді:

  • ҮЕҰ қызметіне қатысты ҚР заңнамасындағы соңғы өзгерістер
  • Өзекті республикалық гранттар
  • ҮЕҰ сыйлығы және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстағы жаңашылдықтар
  • ҮЕҰ өкілдері қатарынан сараптамалық кеңестер құру

«Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР Заңының 10-бабының жаңартылуына ерекше назар аударылды — енді қоғамдық бірлестік құру үшін үш құрылтайшы жеткілікті. Бұл өзгеріс 2026 жылдан бастап жалпыға бірдей кіріс декларациясын енгізумен байланысты. Осыған сәйкес, қоғамдық бірлестіктердің басшылары құрылтайшылар мен олардың жұбайларының есептілігіне жауапты болады.

Сондай-ақ қатысушыларға есептілікті Esep.govtec.kz цифрлық платформасы арқылы тапсыру қажеттілігі ескертілді.

Іс-шара аясында жеке консультациялар өткізіліп, қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

ҮЕҰ Азаматтық орталығы ҮЕҰ қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша күн сайын консультациялық қолдау көрсетуге, сондай-ақ гранттарға өтінім дайындау және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысуға көмек көрсетуге дайын.

Кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Текелі қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Шоханова Нұржамал Абдрахманқызына және бөлім мамандарына алғыс білдіреміз.

Барлық қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымы және ҮЕҰ секторын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз!