2024 жылы Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша азаматтық қоғамды нығайтуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды.
Солардың бірі — «Жетісу облысының ҮЕҰ Азаматтық орталығын ұйымдастыру» жобасы, оны «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды.
Жоба аясында:
- 5 маман 124 консультация және 256 ақпараттық қызмет көрсетті
- 200-ге жуық қатысушыны қамтыған 8 іс-шара өткізілді
- 4 «ҮЕҰ мектебі» семинары ұйымдастырылды
- 400 әдістемелік құрал жарық көрді
- ҮЕҰ арасында конкурс өткізіліп, жүлде қоры 1 млн теңгені құрады
- Байқау қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз анықталды
- 100 қатысушыны қамтыған ҮЕҰ форумы өткізілді
- 10 минуттық деректі фильм түсірілді