Жетісу облысы
3 сәуір күні Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Рахметұлы Есдәулетовтың төрағалығымен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
- Алдыңғы отырыс хаттамасының орындалуы;
- Сараптамалық кеңестер құрамын бекіту;
- Кербұлақ, Панфилов аудандары және Талдықорған қаласы әкімдіктерінің ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл тәжірибесі қаралды.
Жетісу облысында 500-ден астам ҮЕҰ тіркелген, олардың шамамен 100-і әлеуметтік маңызы бар салаларда белсенді жұмыс атқарады.
Биыл 100 жобаны іске асыруға 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Мемлекеттік органдарға барлық деңгейде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын жобаларды мониторингтеу және бағалау үшін сараптамалық кеңестер құру, сондай-ақ Бюджет кодексінде көзделген аванстық төлемдер көлемін қарастыру міндеті қойылды.