Павлодар облысы
Бүгін «Телецентр» бағдарламасының тікелей эфирінде Павлодар облысындағы азаматтық қоғамның дамуы туралы ашық әрі мазмұнды әңгіме өтті.
Студия қонақтары — Павлодар облыстық Азаматтық альянсының мүшесі болып табылатын ұйымдардың өкілдері:
- Могилюк Светлана — «Павлодар облыстық Азаматтық альянсы» қауымдастығының төрайымы
- Ситказинова Гүлнара — «Саламатты Павлодар» медициналық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы
- Стельвага Евгения — «Алтын Бата» қоғамдық қорының директоры
Әрбір спикер өз ұйымының қызметі, жүзеге асырып жатқан жобалары мен қол жеткізген нәтижелері туралы тәжірибелерімен бөлісті.
⠀
Эфир барысында ҮЕҰ-ға арналған Ресурстық орталықтың қызметіне ерекше назар аударылды. Бұл — қоғамдық бірлестіктер, бастамашыл топтар, жастар және барлық қызығушылық танытқан азаматтар үшін ашық алаң. Мұнда:
- ҮЕҰ тіркеу және қызметі бойынша консультациялар алуға
- әлеуметтік жобаларды әзірлеу және рәсімдеу бойынша қолдау табуға
- гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа өтінім дайындауға көмек алуға
- әдістемелік сүйемелдеу және серіктестер табуға мүмкіндік бар
⠀
Эфир Павлодар облысындағы үкіметтік емес сектордың кәсіби, білікті әрі әлеуметтік жауапты ұйымдардан құралғанын, олардың өңірдің дамуына және қоғамдық маңызды міндеттерді шешуге нақты үлес қосып отырғанын көрсетуге мүмкіндік берді.
Бағдарлама ұжымына шақыруы және азаматтық қоғамның дамуы туралы айту мүмкіндігін бергені үшін алғыс білдіреміз.