Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Қоғамның бақылауындағы Денсаулық сақтау: Қарағанды облысына стади-турдың қорытындысы

Қостанай облысы, ШҚО, Шымкент қаласы, БҚО және «Kazakh Tourism» АҚ қоғамдық кеңестерінің мүшелері Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесімен бірлесіп Теміртаудағы көпсалалы ауруханаға және Қарағандыдағы №1 емханаға мониторинг жүргізді.
«Қоғамдық кеңестер қоғамның билікпен байланыс құралы ретінде» тақырыбында брифинг өткізіп, қоғамдық кеңестердің биліктің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етудегі рөлін талқылады.
Сондай-ақ, стади-турға қатысушылар «Қарағанды облысының Денсаулық сақтау қызметтерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы. МӘМС» тақырыбында Қарағанды облысының ҚК кеңейтілген отырысына қатысты. Отырыс барысында денсаулық сақтау қызметтерін іске асыруды жақсартуға бағытталған жергілікті билік пен медициналық мекемелерге арналған ұсынымдар әзірленді.