Кентау қаласында Түркістан облысы үкіметтік емес ұйымдарының тимбилдингі 2026 жылға арналған жоба аясында кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде жүзеге асырылды.
Кездесу тақырыбы:
«Бір мақсат – бір қоғам: ҮЕҰ әлеуетін дамыту және өңірлік бірлікті нығайту»
Кездесу дөңгелек үстел форматында өтіп, ҮЕҰ өкілдері азаматтық секторды дамыту, ұйымдардың әлеуетін арттыру және өңірлік бірлікті нығайту мәселелері бойынша пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісті.
Сонымен қатар, Түркістан облысының Азаматтық Альянсы соңғы 4 жыл ішінде жүзеге асырылған жобалар мен бастамалар туралы кеңінен ақпарат беріп, ұйымның қызметі мен жетістіктерін таныстырды. Бұл қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерді көруге, өзара ынтымақтастықты нығайтуға және серіктестік байланыстарды дамытуға жол ашты.
Кездесу барысында аудан, қаладағы ҮЕҰ өкілдерінің өзекті қажеттіліктері талқыланып, көтерілген мәселелерді алдағы уақытта тиісті мекемелер мен жауапты басшылыққа жеткізу қолға алынатыны атап өтілді.
Мұндай кездесулер азаматтық қоғамның дамуына серпін беріп, ҮЕҰ арасындағы өзара байланысты күшейтуде маңызды рөл атқарады.