Қазақстанның Азаматтық Альянсы

Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы және идеологияны таратудағы медианың рөлі

Қаз. 17, 2024 | Қаралымдар: 580

...

«ҰСТАНЫМ» дискуссиондық клубы «Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы және идеологияны таратудағы медианың рөлі» тақырыбында үшінші отырысын сәтті өткізді. Іс-шара медиакоммуникация, саясаттану және журналистика саласындағы сарапшыларды жинап, медиаресурстардың қоғам санасына әсер етуі туралы өзекті мәселелерді талқылады.
Отырыстың барысында сарапшылар медиа демократиялық құндылықтарды қалай қолдайтынын және деструктивті идеологиялардың таралуына қалай ықпал ететінін, бұл қоғамдық толқуларды туындатуы мүмкін екендігін талдады. Қатысушылар медиа-ресурстарды жауапкершілікпен пайдаланудың қоғам пікірін қалыптастыру мен теріс идеяларға қарсы тұрудағы маңыздылығын атап өтті.
«ҰСТАНЫМ» клубының отырысы медиа-ресурстарды қоғам мүддесінде тиімді пайдалану мен қоғамдық пікірге әсер ететін теріс идеяларға қарсы тұру туралы ашық диалогтың маңызды алаңына айналды.