Алматы қаласы
«Үздік әлеуметтік идеялар мен жобалар – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды!
Комиссия мүшелері байқаудың қорытынды кезеңіне өткен 15 үміткердің құжаттарын жан-жақты қарастырып, бағалау келесі критерийлер бойынша жүргізілді:
- Әлеуметтік мәселелерді шешудегі өзектілік пен тың тәсілдер;
- Жобаның нысаналы бағыты және мақсатты топтарды қамту ауқымы;
- Жоба іс-шараларының қойылған міндеттерге сәйкестігі;
- Сандық нәтижелер (қызмет көрсету, жұмыспен қамту, мақсатты топтардың қатысуы, ақпараттық жариялау және т.б.).
Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен байқау критерийлеріне сәйкес әр аудан бойынша үздік үміткерлер анықталды:
- «Ашық қоғам – ортақ шешім» жобасының авторы («Кеген ауданын тұрақты дамыту» қоғамдық қорының төрағасы) — Садыкова Макпал Тұрсыновна (Кеген ауданы);
- «Местное сообщество – территория второй надежды» жобасы, «Azamatsha Kz» қайырымдылық қоры — Авахриев Ильзат Каримжанович (Қарасай ауданы);
- «Цифрлық сауаттылық – заманауи ананың мүмкіндігі» жобасының авторы, «Ақжүніс» Балқаш аудандық әйелдер қауымдастығының төрайымы — Зикирова Гульнар Мұхатаевна (Балқаш ауданы).