Алматы қаласы

Кенешев Мақсат Құлтайұлы «Алматы облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ-нің атқарушы директоры болып тағайындалды.

Там. 19, 2025 | Қаралымдар: 84

Кенешев Мақсат Құлтайұлының еңбек өтілі 10 жылды құрайды. Ол еңбек жолын жастар саясаты саласында бастап, әр жылдары маманнан бастап басшылық лауазымдарға дейін көтерілді. Әр кезеңде «Алматы облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ-нің «Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ директоры қызметін атқарды.

Сонымен қатар, Алматы облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі және тұрақты комиссияның төрағасы болып табылады.

Жастар саясаты мен азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Барыс» төсбелгісімен және «Халық алғысы» медалімен марапатталған.

Аталған лауазымды осыған дейін атқарған Мадина Маратқызы отбасылық жағдайына байланысты қызметінен кетті.