Алматы қаласы
«Ақжүніс» Қоры: Көпбалалы аналарға арналған қолдау алаңы
Көпбалалы аналар — қоғамның алтын тірегі. Олардың рухын көтеріп, өмірге деген сенімін арттыру — баршамыздың парызымыз.
Осы мақсатта «Ақжүніс» қоры құрылды. Қордың басты мақсаты — көпбалалы аналарды өнерге, білімге баулу, олардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамыту.
Қор не істейді?
- Тегін шеберлік сабақтары мен курстар ұйымдастырады (қолөнер, тігін, кулинария, сурет салу, музыкалық өнер және т.б.)
- Анаға арналған білім беру бағдарламалары
- Психологиялық және құқықтық кеңестер береді
- Әлеуметтік жобаларға қатысуға мүмкіндік жасайды