Алматы қаласы

Алматы облысы әкімдігі жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес Азаматтық Альянспен бірлесіп «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ҮЕҰ қызметін мониторингтеудің әдістемесі» тақырыбында кездесу өткізді.

Шілде 15, 2025 | Қаралымдар: 71

Кездесу барысында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен 2026 жылға арналған басымдықтар талқыланды. Мемлекеттік органдарға әлеуметтік тапсырыстардың орындалуын бақылауды күшейту бойынша тапсырмалар берілді.

Еске саламыз, Алматы облысында ҮЕҰ-ға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттар мәселелері бойынша тегін құқықтық кеңес беретін Консалтингтік орталық жұмыс істейді.