Алматы қаласы

Семинар-тренинг: «Эмоциялық интеллект және Soft Skills дамыту»

Шілде 16, 2025 | Қаралымдар: 70

Қонаев қаласында маңызды әрі мазмұнды семинар-тренинг өтті. Іс-шарада әр ауданнан келген ішкі саясат бөлімінің мамандары, әкім орынбасарлары, ҮЕҰ өкілдері бас қосып, заманауи дағдыларды дамыту жолдарын талқылады.

  • Эмоциялық интеллект — көшбасшының басты құралы
  • Soft skills — табысты тұлғаның тірегі

Қатысушылар:

  • Өз эмоциясын тану мен басқару
  • Басқалармен тиімді қарым-қатынас
  • Коммуникация, командамен жұмыс, стресс менеджмент сияқты маңызды тақырыптарды меңгерді

Тренинг тәжірибеге негізделіп, практикалық тапсырмалар арқылы өтті. Қатысушылар бір-бірімен ой бөлісіп, жаңа идеялармен шабыттанды.

Мұндай кездесулер кәсіби дамумен қатар, қоғамды алға сүйрейтін жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға жол ашады.

Спикер: Абдихалыков Қайыржан Саясатұлы, Қоғам қайраткері, халықаралық қатынастар саласы бойынша PhD дәрежесіне ие доктор, профессор.