Қазақстанның Азаматтық Альянсы
«Ұстаным» ұлттық пікірталас клубының отырысы

Бүгін Қазақстанның Азаматтық Альянсының бастамасымен құрылған «Ұстаным» ұлттық пікірталас клубының отырысы аясында «Қазақстанның энергетикалық қажеттіліктері мен экологиялық проблемалары контекстіндегі Атом энергетикасы» тақырыбында талқылау өтті. Модератор ретінде – Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Нұрғазиева Бану Ғаниқызы болды.
Отырыс барысында атом өнеркәсібі, энергетика және экология салаларының сарапшылары елдегі атом энергетикасын дамытудың негізгі аспектілерін талқылады. Қатысушылар осы салаға байланысты экологиялық сын-қатерлерге назар аудара отырып, энергетикалық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табудың маңыздылығын атап өтті.
Отырыс ашық пікірталаспен аяқталды, онда қатысушылар Қазақстанның атом энергетикасы саласындағы жағдайды жақсарту жөнінде пікір алмасып, ұсыныстар айтты. Жұртшылық пен сарапшылардың осы диалогқа белсенді қатысуы тақырыптың елдің энергетикалық саясатының болашағы үшін маңыздылығын көрсетеді.