Ақмола облысы
Көкшетауда Ақмола облысының үкіметтік емес ұйымдарының кездесуі өтті. Іс-шараға белсенділер, ҮЕҰ басшылары және мемлекеттік органдардың өкілдері жиналып, өзара іс-қимыл, әлеуметтік жобаларды дамыту және өңірлік мәселелерді шешудегі азаматтық қоғамның рөлін талқылады.
Бағдарлама аясында келесі маңызды тақырыптар қаралды:
– ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігі;
– әлеуметтік бастамаларды бизнес арқылы сүйемелдеу;
– ауылдық ҮЕҰ тәжірибесі және шағын гранттарды іске асыру;
– әйелдер мен жастар бастамаларын дамыту.
Біздің ұйым БҰҰ-ның COP30 климаттық конференциясына қатысу нәтижелерін, Қазақстанның жаңартылған ҰДЖ (ОНУВ) шеңберіндегі жаңа міндеттерін, сондай-ақ өңірлік ҮЕҰ үшін мүмкіндіктерді — климаттық ағартудан бастап жергілікті бейімделу жоспарларын әзірлеуге қатысуға дейін таныстырды.
Сонымен қатар климаттық және экологиялық саясатты қалыптастыру кезінде өңірлердің, әйелдердің, жастардың және ауылдық аумақтардың пікірін ескеру маңыздылығы атап өтілді.
Біз жиі «ҮЕҰ-ға жолы болды» деп айтамыз — жобалармен, гранттармен немесе мүмкіндіктермен. Алайда бұл «жолдың» артында көпжылдық еңбек, кәсібилік, қоғам сенімі және өзгерістерді алға жылжытатын командалардың үлкен еңбегі жатыр.
Ұйымдастырушыларға және әріптестерге белсенді диалог, жаңа идеялар және өңір игілігі үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайындықтары үшін алғыс білдіреміз.