Түркістан облысы

Түркістанда ҮЕҰ-ға арналған семинар-тренинг өтті

Сәуір 6, 2026 | Қаралымдар: 82

Бүгін, 6 сәуір күні Түркістан қаласында Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында маңызды іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған семинар-тренинг Түркістан облысының Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен «Азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) ұйымдастырушылық әлеуетін нығайту, білім базасын кеңейту және олардың кәсіби біліктілігін арттыру» атты 2026 жылға арналған жоба аясында өтті.

Семинар тақырыбы:
«ҮЕҰ үшін грант жазу негіздері: идеядан табысты өтінімге дейін»

Іс-шараның спикері — Әбдінәбиева Ақмарал Қалмаханқызы.
Ол қатысушыларға әлеуметтік жобаларға өтінім жазудың қыр-сырын түсіндіріп, өтінім беру барысында ескерілуі тиіс негізгі талаптар мен маңызды тұстарға тоқталды.

Сонымен қатар, алдағы уақытта шағын гранттарға конкурс жарияланатыны туралы ақпарат берілді.

Бұл семинар ҮЕҰ өкілдерінің кәсіби біліктілігін арттырып, жаңа жобаларды сапалы әзірлеуге үлкен мүмкіндік берді.