Қызылорда облысы

Облыстық Азаматтық Альянс мүшелері «Quraq» іс-қимыл бағдарламасы аясында Ақсаут ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесті.

Сәуір 10, 2026 | Қаралымдар: 143

Кездесу барысында тұрғындарға төртінші деңгейлі бюджеттің мәні мен маңызы жан-жақты түсіндірілді. Бұл – ауыл тұрғындарының өз елді мекенінің дамуына тікелей қатысуына мүмкіндік беретін тиімді құрал. Ауыл бюджеті тек жоғарыдан бөлінбейді, оны қалыптастыру мен жұмсау барысында халықтың пікірі ескеріледі.

Жиында жергілікті қоғамдастықтың рөлі, бюджетті жоспарлау, басым бағыттарды айқындау және қаражатты тиімді пайдалану тетіктері талқыланды. Ауыл тұрғындары төлейтін салықтардың өз ауылын дамытуға жұмсалатыны түсіндіріліп, бұл олардың қаражаттың тиімді игерілуін қадағалаудағы белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, ауылдың дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтерді.

Төртінші деңгейлі бюджет – бұл жауапкершілік пен мүмкіндіктің үйлесімі. Әрбір белсенді азамат өз ауылының болашағына үлес қоса алады.

Осындай кездесулер халықтың белсенділігін арттырып, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің нығаюына серпін береді.