Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы Астана халықаралық университетімен (AIU) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қазақстанның Азаматтық Альянсы Астана халықаралық университетімен (AIU) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылап, алдағы бірлескен жұмыстың басымдықтарын айқындады. Азаматтық қоғамды дамыту, жастар бастамаларын қолдау, сондай-ақ студенттердің қоғамдық және волонтерлік қызметке қатысуын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазақстанның Азаматтық Альянсы білім беру ұйымдарымен серіктестікті дамыту, жастардың әлеуетін арттыру және азаматтық қоғамның рөлін күшейту бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып келеді.