Батыс Қазақстан облысы

2026 жылғы 5 сәуірде «Батыс Қазақстан облысы Азаматтық Альянсы» қауымдастығының бастамасымен облыс әкімінің орынбасары Қ.Е. Меңдіғалиевпен маңызды кездесу өтті.

Сәуір 16, 2026 | Қаралымдар: 717

Кездесуге сондай-ақ облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Г.Б. Шөкеева, Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Зинатұлы, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бақберген Талғатұлы және БҚО Азаматтық Альянсы қауымдастығының белсенді мүшелері қатысты.

Еркін форматта өткен кездесуде Азаматтық Альянстың облыс әкімдігімен өзара іс-қимылының негізгі мәселелері, алдағы міндеттер мен азаматтық қоғам алдында тұрған өзекті тақырыптар талқыланды. Азаматтық қоғамды дамыту жүйесін трансформациялау қажеттілігіне, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруға, азаматтық ресурстық орталықтың қызметін дамытуға, сондай-ақ ҮЕҰ жұмысына жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулер ашық диалог орнатуға, пікір алмасуға және бірлескен шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін маңызды алаң болып табылады.

Ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына және өңірдің азаматтық қоғамын дамытуға бағытталған бастамалардың табысты жүзеге асуына сенім білдіреміз.