Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Мемлекет басшысының Халықаралық волонтерлер жылына орай көтерген бастамалары аясында елімізде «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті.
Іс-шараны «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырды.
Акция жыл сайын 18 сәуірде атап өтілетін Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай өткізілді.
Осы күні еліміздің барлық өңірінде тарихи-мәдени мұра нысандарын тазалау және абаттандыру бойынша волонтерлік іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және қоғамның жауапкершілігін арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.