Қызылорда облысы

Қосшыңырау ауылдық округі – қарқынды дамып келе жатқан елді мекендердің бірі. Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік қатар дамып, тұрғындардың тұрмыс сапасы жақсарып келеді.

Сәуір 13, 2026 | Қаралымдар: 78

Бүгінде ауыл инфрақұрылымы жаңарып, жол жөндеу, жарықтандыру және газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Ендігі кезекте жергілікті қоғамдастық алдында тұрған маңызды міндет – төртінші деңгейлі бюджеттің маңызын терең түсініп, ауыл мәселелерін өз бетінше шешу мәдениетін қалыптастыру.

Бұл жүйе тұрғындарға қаражатты тиімді жоспарлап, ең өзекті мәселелерді өздері айқындауға мүмкіндік береді. Яғни, халықтың ұсынысы негізінде нақты жобалар жүзеге асып, салық мәдениеті нығая түседі.

Бірлескен жұмыс пен белсенділік – ауыл дамуының басты кепілі.