Қызылорда облысы

Қарауылтөбе ауылдық округінде 2009 жылы халық саны небәрі 1300 болса, бүгінде 3000 адамға жуықтады. Бұл – ауылда өмір сүруге қолайлы жағдай жасалып, тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқандығының айқын дәлелі.

Сәуір 15, 2026 | Қаралымдар: 70

Мемлекет басшысының төртінші деңгейлі бюджеттің әлеуетін арттыруға қатысты тапсырмасы ауылдардың тұрақты дамуына тың серпін беріп, халық санының өсуіне және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына оң ықпал етуде.

Облыстық Азаматтық Альянстың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Quraq» бағдарламасы аясында бүгін жергілікті қоғамдастық мүшелерімен өткен кездесуде тұрғындардың белсенділігінің ауылды дамытудағы рөлі кеңінен түсіндірілді. Қоғамдық бастамаларға қатысу, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына атсалысу және ортақ мәселелерді бірлесе шешудің маңыздылығы атап өтілді.

Кездесуге қалалық мәслихат депутаты Талғат Бақытбекұлы Мақаш қатысып, ауылдың дамуы әрдайым назарда екенін айтты. Ол өз сөзінде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері жергілікті басқаруда маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, алдағы уақытта да қолдау жалғасатынын жеткізді.