Қызылорда облысы
Қызылөзек ауылдық округінде «Quraq» бағдарламасы аясындағы жергілікті қоғамдастық мүшелерімен кездесу қорытындыланды. Қоғамдастық мүшелері түсіндірме жұмыстарын одан әрі күшейтіп, тұрғындар арасында ақпараттық науқан ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарын білдірді. 3500 халқы бар бұл ауылдың белсенді азаматтары осындай сапалы түсіндірулердің нәтижесінде салық мәдениеті нығайып, ауыл дамуына жаңа серпін берілетінін атап өтті.
Кездесу барысында төртінші деңгейлі бюджеттің мүмкіндіктері жан-жақты талқыланып, оның ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізетін әсері ерекше атап өтілді. Тұрғындар өз ұсыныстарын ашық білдіріп, ауыл инфрақұрылымын жақсарту, абаттандыру, жарықтандыру және қоғамдық орындарды дамыту бағытында нақты бастамалар көтерді.
Осындай ашық диалог алаңдары жергілікті халықтың белсенділігін арттырып қана қоймай, билік пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде ауылдағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта да «Quraq» бағдарламасы аясында осындай кездесулер жалғасатын болады.