Ақтөбе облысы

Бүгін конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары, оларды іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі және саяси-құқықтық жаңғыру үдерісіне қоғамдық қатысудың тиімді тетіктері қарастырылды.

Ақп. 13, 2026 | Қаралымдар: 63

Отырыс аясында Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілі Бану Нұрғазиева сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасы заманауи сын-қатерлерге жауап беретін, ел дамуының стратегиялық бағытына сай Мықты әрі Әділетті Қазақстанды қалыптастырудың берік құқықтық негізіне айналатынын атап өтті.

Сонымен қатар мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру, стратегиялық құжаттарды талқылауға азаматтардың қатысуын кеңейту және заң шығару үдерісінің ашықтығын арттыру мәселелері қозғалды.

Бүкіл Қазақстан бойынша үкіметтік емес ұйымдар онлайн қосылып, қолдау пікірлерін білдірді.