Алматы қаласы
Бүгін – тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау күні. Осыған орай Алматы облысы Азаматтық Альянсы Есік мұражайы аумағында тазалық акциясын ұйымдастырып, жас еріктілермен бірге игі іске атсалысты.
Төрт мың жылдық тарихы бар сақ қорғандарын сақтау мәселесі әлі де өзекті. Өңірдегі бірқатар ескерткіштердің қорғалу деңгейі, оларды мемлекеттік қорғау тізіміне енгізу және құқықтық мәртебесін айқындау секілді түйткілдер жедел шешімді қажет етеді. Бүгінгі шара аясында осы мәселелер де талқыланып, азаматтық қоғамның рөлі жаңа мазмұнда қарастырылды.
Бұл бастама жаңа Конституцияда бекітілген мәдени мұраны қорғау қағидаттарымен де сабақтас.
Алдағы уақытта Азаматтық Альянс жастармен, еріктілермен және қоғам белсенділерімен бірлесе отырып, тарихи-мәдени мұраларды сақтау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.