Қарағанды облысы
«Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС (ЖЭО) қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру кездесуі өткізілді.
Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйым қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайтуға бағытталған жобасы аясында өтті.
Спикер ретінде Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пул мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы сөз сөйледі.
Кездесу барысында кәсіби қызметтегі ашықтық пен жауапкершілікті арттыру мәселелері талқыланып, әрбір қызметкердің адалдық қағидаттарын нығайтудағы жеке үлесінің маңыздылығы атап өтілді.