Қарағанды облысы
Шахтинск технологиялық колледжінің студенттеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің жастар мен ұйым қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайтуға бағытталған жобасы аясында өтті.
Спикер ретінде Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пул мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы сөз сөйледі.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері қарастырылып, әрбір азаматтың адалдық қағидаттарын сақтаудағы жеке жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді.