Қарағанды облысы
Жетісу облысының ҮЕҰ Азаматтық орталығы үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша тұрақты түрде консультациялар өткізеді.
Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайтуға бағытталған жобасы аясында ұйымдастырылды.
Спикер ретінде Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пул мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы сөз сөйледі.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылып, әрбір педагогтың адалдық қағидаттарын сақтаудағы жеке жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді.