Қарағанды облысы
«Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуіне қатысты.
Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайтуға бағытталған жобасы аясында ұйымдастырылды.
Спикер ретінде Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пул мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы сөз сөйледі.