Қарағанды облысы
«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында академик Ә. С. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттерімен кездесу өтті.
Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті жанындағы дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Түсіпбеков Жарқын Амантаевич сөз сөйледі.
Студенттермен диалог барысында «Дін және қоғам» тақырыбы ашылып, радикалды идеологияның белгілері, жастарды тарту әдістері, сондай-ақ ақпараттық кеңістікте сыни ойлаудың маңыздылығы талқыланды.