Қарағанды облысы
«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуіне қатысты.
Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйым қызметкерлері мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайтуға бағытталған жобасы аясында өткізілді.
Спикер ретінде Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пул мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы сөз сөйледі.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері қарастырылып, әрбір қызметкердің адалдық қағидаттарын сақтаудағы жеке жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді.