Қарағанды облысы
«Шахтинскводоканал» ЖШС-де кәсіпорын қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйым қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайтуға бағытталған жобасы аясында өтті.
Спикер ретінде Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пул мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы сөз сөйледі.
Кездесу барысында кәсіби қызметтегі ашықтық пен жауапкершілікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылып, әрбір қызметкердің адалдық қағидаттарын сақтаудағы жеке үлесінің маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ, адал әрі ашық жұмыс ортасын қалыптастырудың маңызы ерекше айтылды.