Қарағанды облысы
«Шахтинск қаласы бойынша салық басқармасы» ММ қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуіне қатысты.
Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйым қызметкерлері мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайтуға бағытталған жобасы аясында өтті.
Спикер ретінде Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пул мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы сөз сөйледі.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ әрбір қызметкердің кәсіби қызметінде адалдық қағидаттарын сақтауындағы жеке жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді.